Құқық

Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынды

Облыста карантин тәртібін бұзғандарға 66 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, — деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.  

Өңірде карантиндік шектеу шаралары, оның ішінде медициналық бетперде тағу режимі, басқа да эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша  рейдтік тексерулер жалғасуда.

Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметтерге сәйкес биыл «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР кодексінің 425-бабы бойынша анықталған құқықбұзушылықтар үшін 66 027 270 теңге көлемінде 593 айыппұл салынды.

Бүгінгі күні Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 51 тексеру жүргізілген. Тексеріс қорытындысы бойынша 51 объектіге 8 021 750 теңге көлемінде айыппұл салынып,  51 ұйғарым берілген.

Өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де өршіп тұр. Сондықтан аталған департамент өкілдері облыс тұрғындарына тойлар мен түрлі отбасылық, мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын тағы да ескертеді.

Ақбота БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button